Аннотация
Отзывы
«Қазақ киносының тарихы» – кино саласында маманданып жатқан білім алушыларға арналған оқулық. Оқулық мазмұнына көркемсуретті, деректі және анимациялық кино өнерінің алғашқы қалыптасу кезеңінен 2000 жылдарға дейінгі даму тарихы жан-жақты қамтылған. Ұлттық кинорежиссура актерлық өнер және кинодраматургия салалары бойынша дәстүрлі мектепті қалыптастырған жекелеген киноқайраткерлердің шығармашылық қолтаңбаларын терең зерттеу арқылы жалпы қазақ киносындағы маңызды құбылыстарға тарихи тұрғыдан баға беріледі. Оқулық материалы тек арнайы мамандар үшін ғана емес, сонымен қатар, киносүйер көпшілікке түсінікті жатық тілмен жазылған. Оқулық жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу, басып шығару және оларды мемлекеттік тілге аудару бойынша республикалық конкурстың жеңімпазы. Кітап 2005 жылы «ИздатМркет» баспасынан жарық көрген түпнұсқа мәтінімен басылды.



