Содержание
Аннотация
Отзывы
«Қазақстанның туристік нысандарының географиясы» оқу құралында Қазақстанның туристік әлеуеті қарастырылады. ҚР өңірлері мен облыстары бойынша табиғи жағдайлар мен рекреациялық ресурстар туралы материалдар Солтүстік аймақтардан бастап, сағат тілімен Қазақстанның барлық өңірінің туристік ресурстары ұсынылды. Тарихи-сәулет, табиғи, спорттық және емдеу-сауықтыру санаттары бойынша ең маңызды туристік нысандарының сипаттамасы беріледі. Жиналған материал туризм және экскурсия саласында маманданған студенттердің дайындығын дұрыс ұйымдастыруға, туристік факультеттер мен кафедралардың түлектерінің өлкетану дайындығының деңгейін арттыруға көмектеседі, олардың негізінде бірқатар ортақ белгілер бар. Оқу құралы студенттерге, жоғары оқу орындарының студенттеріне, туристік фирмалардың қызметкерлеріне, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне және көптеген оқырмандарға арналған.



