Содержание
Аннотация
Отзывы
Бұл сөздікке ежелгі грек дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі театр өнеріне қатысты негізгі терминдер мен ұғымдар енгізілген. Сөздік құрамындағы терминдердің көпшілігі театр режиссерлерінің репетиция барысында, сахналық қойылымдарды дайындау кезінде, сондай-ақ түрлі театрлық фестивальдер мен мерекелік шаралар барысында жиі қолданылады. Аталған глоссарий – театр өнерінің күрделі әрі көпаспектілі құрылымын терең түсінуге бағытталған. Сөздікте терминдерге нақты әрі анық түсініктемелер беріліп, олардың театрдағы іс жүзіндегі маңызы мен қолданылу жолдары мен ерекшеліктері жан-жақты сипатталған. Актерлік шеберлік пен режиссерлік өнерді кәсіби деңгейде меңгергісі келетін жандар үшін бұл сөздік құнды анықтамалық құрал бола алады. Кітап режиссерлерге, актерлерге, театр педагогтарына, өнертанушыларға, сондай-ақ театр өнері саласындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері мен оқытушыларына арналған.



