Содержание
Аннотация
Отзывы
Бұл басылымда мал шаруашылығында өнімділікті төмендетіп, шаруа- шылықтарға айтарлықтай экономикалық шығын келтіретін басты аурулар- дың бірі – желінсауға назар аударылады. Сонымен қатар, желінсаудың тара- лу себептері, патогенезі және алдын алу, иммуномодулдеуші және микробқа қарсы жаңа кешенді препараттардың әсері жайында мәліметтер берілген. Атап айтқанда, антибиотиктердің шамадан тыс қолданылуы микроорганизмдердің төзімді штаммдарының пайда болуына, сүт өнімдерінде қалдық заттардың жиналуына және адамның денсаулығына кері әсер етуіне әкелетіні анықтал- ды. Осыған байланысты экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, арзан әрі қолжетімді фитопрепараттарды пайдалану мүмкіндіктері талқыланды. Ұсынылып отырған монография ветеринария мамандықтары бойынша білім алушыларға, ғылыми ізденушілерге, сондай-ақ мал шаруашылығындағы мамандарға әдістемелік әрі тәжірибелік құрал ретінде ұсынылады. Зерттеу нәтижелері малдың өнімділігін арттыруға, сүт сапасын жақсартуға және анти- биотиктерге тәуелділікті азайтайтуға мүмкіндік беретіндігін көрсетті.



