Аннотация
Отзывы
Ұлт ұстазы Абай шығармаларында Физули, Шәмси, Сәйқали, Науаи, Сағди, Фирдауси, Қожа Хафиз, Жалал Дауани, Сопы Аллаяр, Бабыр секілді Шығыс шайырла- рын сөз етіп, жыр жазуда оларға еліктеген. Сондықтан Абайдың рухани болмыс-бітімін тереңірек ұғу үшін аталған түркі-парсы ақындарын тың өмірі мен шығармалары жайында кеңірек мәлімет беріп, талдау жасаған шығыстанушы-ғалым Ислам Жеменей- дің жаңа еңбегі Абай мен Шығыс ақындары арасындағы тарихи-мәдени һәм рухани байланысты жан-жақты зерделеумен бірге Құнанбай өмір жолы, Абайдың 38-сөзінің бүгінгі тіл үлгісіне беріп, көптеген араб, парсы сөздер, терминдер, хадис, құранның сүре-аяттарын қазақшалап, Абайдың ойына, жазу құрылымының ауытқып кетпеуіне барынша сақ болып, оқырманға ұсынып отыр, сондай-ақ Абай-әл-Фараби арасындағы ортақ ойларға да арналған тарауды осы кітапқа енгізіп отыр. Кітап абайтанушы, шығыстанушы, әдебиетші, тарихшы, философ, дінтанушы- ғалымдар мен көпшілік оқырман қауымға арналады.



